249

Әзербайжанда ирандық дрон құлап, жарылды

Әзербайжан ресми органдары әлі зардап шеккендер туралы хабарламады.

Әзербайжанда ирандық дрон құлап, жарылды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әзербайжанда алғаш рет ирандық дрон құлап, жарылды. Нахичевань қаласындағы әуежай аумағында ирандық ұшқышсыз ұшу аппараты құлап, жарылған.

Құлау орны өртке ұшырады. Қазіргі уақытта төтенше жағдай қызметтері өртті сөндіру және залалды бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Әзербайжанның ресми органдары әлі күнге дейін азаматтар мен әуежай қызметкерлері арасында зардап шеккендер туралы ақпарат бермеді. Дронның түрі мен ұшу мақсаты тексерілуде.

Бұл оқиға аймақтағы геосаяси жағдайдың өте шиеленіскен кезеңінде болды. Бұл ирандық дрон Әзербайжан аумағына бірінші рет түскен. Бұған дейін Иран әртүрлі аймақ елдеріне, соның ішінде БАӘ, Қатар және Кувейтке дрондар ұшырғаны хабарланған еді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор