Ақтөбе облысында 14 жасар қызды зорлады деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталды
Оқиға туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тараған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында 14 жастағы мектеп оқушысына қатысты зорлық жасады деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Бұл оқиға туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тарады. Желі қолданушылары жасөспірім қызға қатысты ауыр қылмыс жасалғанын айтып, жағдайға құқық қорғау органдарының назар аударуын талап еткен.
Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылған.
Қазір тергеу органдары іс бойынша барлық мән-жайды анықтауға кіріскен. Қылмыстық процестің қатысушыларының уәждері тексеріліп, дәлелдер жиналып, сараптама жүргізілуде.
Полиция өкілдері істің барлық жағдайы жан-жақты зерттелетінін атап өтті. Тергеу аяқталған соң заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
Материал авторы