Иран мойындамаса да, Әзербайжан басшысы әскерге мобилизация жариялады

06.03.2026, 09:46
299
Иран мойындамаса да, Әзербайжан басшысы әскерге мобилизация жариялады armiya.az

Әзербайжанға дрон соққысы жасалған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әзербайжан билігі Нахчыванға жасалған дрон соққысынан кейін армияны жоғары дайындыққа көшірді. Ресми Баку бұл шабуыл үшін Иранды айыптап отыр.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Нахчыван эксклавына жасалған болжамды дрон шабуылынан кейін елдің қарулы күштерін жауынгерлік дайындық режиміне көшіру туралы бұйрық берді. Бұл туралы Әзербайжанның мемлекеттік ақпарат агенттігі Azertag хабарлады.

Бұған дейін ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчывандағы әуежайға және мектеп маңына соққы жасағаны белгілі болды.

Бакуде өткен ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысында Әлиев бұл шабуыл үшін Иранды жауапты деп атады.

Мемлекет басшысы Әзербайжан мұндай әрекетті «жиіркенішті террористік акт» деп бағалайтынын айтып, Тегераннан ресми түсініктеме талап етті.

«Иранның ресми тұлғалары бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, Әзербайжан халқынан кешірім сұрауы тиіс. Террористік әрекетке қатысы бар адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек», – деді Әлиев.

Ал Иран тарапы бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр. Немістің Bild басылымы Тегеран аталған шабуылға қатысы бар екенін мойындамағанын жазды.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан