696

Плагиат жасап, ән ұрлады деп айыпталған Эд Ширан сотта жауап берді

Осы аптада британ әншісі Эд Ширан Нью-Йорк сотында куәлік етті. Оған танымал Thinking Out Loud әні Марвин Гэйдің 1973 жылғы Let's Get it On композициясының плагиаты деген айып тағылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Плагиат жасап, ән ұрлады деп айыпталған Эд Ширан сотта жауап берді
aif.ru

Thinking Out Loud - Ширанның ең танымал шығармаларының бірі, ол YouTube-та 1 миллиардтан астам мәрте қаралған.

32 жастағы Ширанды азаматтық процесте Марвин Гэйдің тең авторы Эд Таунсендтің мұрагерлері куәлік етуге шақырды.

Олар британ жұлдызын авторлық құқықты бұзды деп айыптап, оның 2014 жылғы хитінің әйгілі тректен «айнымайтынын» мәлімдеді.

Дәлелдердің бірі - Ширан тыңдармандарының 2014 жылғы концертте түсірген видеосы, онда ол екі әнді қатар орындайды.

Әншінің адвокаттары видеоны сотта қолдануға қарсы болғанымен судья рұқсат етті.

Айыптаушы тараптың заңгерлері бұл видеоны «Ширанның плагиатты мойындауы» деп атады.

Сотта әнші концерттерінде бар болғаны әндерді араластырып айтатынын мәлімдеді.

«Мысалы Let It Be-ден No Woman No Cry-ге ауысамыз және сол сияқты.. Сахнада 20 000 адамның алдында тұрып, осылай плагиат жасасам, ақымақтық болар еді», - деп жауап берді Ширан айыптауларға.