Павлодарда іш киімінен есірткі табылған әйел сотталды

07.03.2026, 12:12
281
Павлодарда іш киімінен есірткі табылған әйел сотталды Shutterstock

Әйел әр есірткі «жасыру» үшін небәрі 1500 теңге аламын деп сенген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда есірткі таратты деген айыппен 29 жастағы әйел сотталды. Сот оған алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда үкімді орындау оның қызы 14 жасқа толғанға дейін кейінге шегерілді.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың қараша айында әйел тыйым салынған заттарды сатумен ақша табуды көздеп, интернет арқылы жұмыс істейтін есірткі дүкенімен байланыс орнатқан. Ол мессенджер арқылы «жасырын орындардың» координаттарын алып, сол жерден есірткіні алып кетуге және оны қала аумағындағы әртүрлі нүктелерге жасырып кетуге тиіс болған. Әр «жасыру» үшін оған 1500 теңге төленбек болған.

Алайда оның бұл әрекеті ұзаққа созылмады. Әйел алғашқы рет есірткі таратпақ болған сәтінде-ақ полицияның қолына түсті. Тінту барысында күдіктінің бюстгальтерінен 16 оралым есірткі тәркіленді. Бұдан бөлек, оның үйінен де тыйым салынған заттар табылған.

Сотта әйел өз кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында ұсталған сәтте оның есірткі қолданған күйде болғаны да анықталған.

Сот оны алты жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Дегенмен кәмелетке толмаған қызының болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі уақытша кейінге қалдырылды.

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды