Түркістан облысында үш жасар бала әжетхана шұңқырына түсіп кетті
Құтқарушылар әжетхана шұңқырына құлаған баланы алып шықты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында құтқарушылар үш жасар баланы жеке үй ауласындағы әжетхана шұңқырынан алып шықты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 7 наурыз күні 112 қызметінің диспетчерлік пультіне Ақниет ауылында 2023 жылы туған баланың ауладағы әжетханаға құлап кеткені туралы хабар түскен.
Баланың туыстары оны өз күштерімен шығара алмаған соң, құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған.
Оқиға орнына Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы жіберілді. Мамандар баланы әжетхана шұңқырынан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарды балаларды бір сәтке де қараусыз қалдырмауға шақырды. Мамандардың айтуынша, мұндай оқиғалар көбіне қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан болады.
Материал авторы