Германияда канцлерді балағаттаған оқушы тергеуге ілікті

08.03.2026, 11:34
200
Германияда канцлерді балағаттаған оқушы тергеуге ілікті REUTERS / Jana Rodenbusch

Оқушы плакатпен әскери қызмет ережелеріне қарсы акцияға шыққан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Берлин полициясы Германия канцлері Фридрих Мерцке қатысты қорлайтын жазуы бар плакат көтерген 18 жастағы мектеп оқушысына қарсы қылмыстық іс қозғады.

Оқиға ел астанасында өткен наразылық акциясы кезінде болған. «Мектеп оқушыларының әскери шақыруға қарсы ереуілі» деп аталған шараға бірнеше мың жасөспірім қатысқан. Олар әскери қызметке қатысты жаңа ережелерге қарсы шыққан.

Тергеу дерегіне сәйкес, аталған оқушы акцияға канцлердің атына бағытталған қорлайтын сөз жазылған плакатпен келген. Полиция плакатты тәркілеген.

Құқық қорғау органдары істі саяси қызмет атқаратын тұлғаға жала жабу және оның беделіне нұқсан келтіретін мәлімдеме тарату күдігі бойынша қарап жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, жас жігітке жаза тағайындалуы мүмкін.

Неміс басылымдарының жазуынша, соңғы уақытта мұндай сипаттағы тергеулер Германияның басқа қалаларында да тіркеліп жатыр.

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды