Семейде ұлтаралық араздықты қоздырған жасөспірім сотталды

09.03.2026, 09:48
359
Семейде ұлтаралық араздықты қоздырған жасөспірім сотталды istockphoto.com

Жасөспірім үнді студенттерін өлтіремін деп жазған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыпталған жасөспірімге қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылдың ақпанында Семей қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны Telegram мессенджерінде «Skinheads industries-Semey» атты чат құрған. Ол топтың әкімшісі ретінде мәтіндік және аудио хабарламалар жариялап отырған.

Сот деректеріне қарағанда, жарияланған жазбаларда адамдарды ұлтына қарай кемсіту белгілері болған. Әсіресе Үндістаннан келген студенттер мен олардың мәдениетіне қатысты қорлайтын пікірлер айтылған.

Сонымен қатар жасөспірім топ мүшелерін өз көзқарасын қолдауға шақырып, чатқа жаңа адамдарды тартуға үндеген. Тергеу мәліметінше, ол бұл қауымдастыққа өзге кәмелетке толмағандарды да тартып, экстремистік идеяларды Семей аумағында таратуға әрекет жасаған.

Мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыға 1 жыл 4 ай мерзімге бостандықты шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Жасөспірім сотта кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді.

Сот айыпталушының кәмелетке толмағанын, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын және кінәсін мойындағанын ескерді.

«Сот оны Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша кінәлі деп таныды. Айыпталушының жасын және заң талаптарын ескере отырып, 1 жыл 4 ай мерзімге бостандықты шектеу жазасы тағайындалды», — деп хабарлады сот.

Үкім заңды күшіне енді.

Сот өкілдері ұлттық белгі бойынша адамдарды кемсіту, өшпенділік пен алауыздықты қоздыру, сондай-ақ экстремистік идеяларды тарату — интернетте жасалса да, қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет екенін еске салды. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады