349

Ақтөбе облысында жүк көліктері соқтығысып, ірі жол апаты болды

Апат Қандыағаш қаласы маңында болған.

Ақтөбе облысында жүк көліктері соқтығысып, ірі жол апаты болды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында жүк көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Бұл туралы «Диапазон» жазды.

Видео авторының айтуынша, апат Қандыағаш қаласы маңында болған. Кадрларда соқтығыстан кейін жүк көліктерінің бірінің жол үстінде айналып қалғаны көрінеді. Жол жиегінде тіркемесіне жеңіл көліктер тиелген автовоз тұрған.

Сондай-ақ трассада боран соғып тұрғаны байқалады. Жол бетіне сынықтар шашылып, металл қоршаулар да зақымданған.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 8 наурыз күні шамамен сағат 13:30-да Ақтөбе – Астрахань автожолының 26-шақырымында болған. Онда екі жүк көлігі мен бір «Газель» соқтығысқан.

Полиция дерегіне сәйкес, жол апаты салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор