403

«Ештеңе болған жоқ»: Рыбакина марапаттау сәтіндегі даулы видеоға пікір білдірді

Марапаттау кезінде ұйымдастырушы Рыбакинаның белінен құшақтамақ болған.

«Ештеңе болған жоқ»: Рыбакина марапаттау сәтіндегі даулы видеоға пікір білдірді
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әлемнің үшінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте өткен көрме турнирінің марапаттау рәсімінде болған жағдайға алғаш рет пікір білдірді. Әлеуметтік желілерде кең тараған видео көпшіліктің талқысына түскен еді.

Наурыз айының басында Рыбакина америкалық теннисші Тейлор Фрицпен бірге микст бәсекесінде жеңіске жеткен. Марапаттау рәсімі кезінде турнир ұйымдастырушыларының өкілі Дэвид Ренкер спортшының арқасына қолын қойған. Сол сәтте Рыбакина сәл шегінгені видеодан байқалады.

Бұл кадрлар интернетте тез таралып, кейбір қолданушылар Ренкердің әрекетін орынсыз деп бағалаған.

Журналистердің сұрағына жауап берген Рыбакина оқиғада ерекше ештеңе болмағанын айтты.

«Ештеңе болған жоқ. Сырт көзге бұл жағдай басқаша көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде бәрі қалыпты өтті», — деді теннисші.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілердегі талқылау жағдайды шамадан тыс ушықтырып жіберген. Ал турнир өкілі Дэвид Ренкер бұл оқиғаға қатысты әзірге жария түрде пікір білдірген жоқ.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор