Биыл халықты сумен қамтуға бюджеттен 280 млрд теңге бөлінген

27.04.2023, 12:25
654
Биыл халықты сумен қамтуға бюджеттен 280 млрд теңге бөлінген smartnews.kz

Биыл халықты сумен жабдықтау жұмысына ел бюджетінен 280 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қазақстан қалалары бойынша халықтың 98,4 пайызы сумен қамтамасыз етілген, оның ішінде СҚО, Маңғыстау, Атырау,Қызылорда, Жетісу, БҚО, Ұлытау, Ақтөбе, Алматы облыстарында қала халықтары толыққанды сумен қамтылған. Қалаларда ауыз сумен қамтудың ең төмен деңгейі Жамбыл облысында (91,9%), Абай облысында (92,8) және Ақмола облысында (95,3) байқалады», - деді Ә. Пазылбекұлы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Өз кезегінде ауыл халқының 94,5 пайызында су бар.

Ең төменгі көрсеткіштер – Қостанай облысында – (80,4%), Ақмола облысында (89,8%) және Солтүстік Қазақстан облысында (85%).

«Президент атап өткендей, «Еліміздің әртүрлі өңірлерінің тұрғындары таза ауыз суға, табиғи газға, көлік инфрақұрылымына қолжетімділіктің әртүрлі деңгейде қамтылған. Бұл теңсіздікті жою бойынша жұмысты жандандыру қажет». Биыл сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға республикалық бюджеттен 402 жобаны іске асыруға 280 млрд теңге бөлінді, оның ішінде қалаларда 135 жобаны іске асыруға 167 млрд теңге және ауылдарда 267 жобаны іске асыруға – 113 млрд теңге бөлінді», - деді комитет өкілі.

Бұл ретте сумен қамту көрсеткіштері төмен өңірлерге қаражат басымдықпен беріледі.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды