Танымал актер Әбілмансұр Серіков үшінші рет үйленді
Актер Әбілмансұр Серіковтің жаңа некесі жайлы мәлімет шықты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал актер Әбілмансұр Серіков үшінші рет отбасын құрды. Қуанышты жаңалықты оның жары Гүлия Ұзақбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Ол актермен бірге түскен суретін бөлісіп, жазбаға «Өмірімнің жаңа парағы» деп қысқаша пікір қалдырған.
Желі қолданушылары мен әріптестері жас жұбайларды құттықтап, жылы тілектерін білдіріп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін актердің бұрынғы жұбайы, актриса Фариза Ещанова жеке өмірі туралы ашық әңгіме айтқан болатын. Оның сөзінше, ажырасу туралы шешім актердің басқа әйелді таңдауының нәтижесінде қабылданған.
«Қазір ажырасқанымызға жеті жыл болды. Ол басқа әйелді таңдады. Мен оны кінәламаймын, әркімнің өз таңдауы бар. Сол таңдауға жол бердім», — деген еді актриса.
Сонымен қатар ол ажырасудан кейін өмірін қайта қалыпқа келтіруге анасының ақылы көмектескенін айтты. Ещанованың айтуынша, сол кезең оның өміріндегі ең ауыр сынақтардың бірі болған.
Актриса сондай-ақ ерекше бала тәрбиелеп отырғанын айтып, қиындықтарға қарамастан бүгінде өмірін жаңа арнаға бұра алғанын жеткізген.
Материал авторы