Көктемде су тасқыны қаупі бар өңірлер белгілі болды

11.03.2026, 14:20
226
Көктемде су тасқыны қаупі бар өңірлер белгілі болды primeminister.kz

ТЖМ көктемгі тасқын қаупі жоғары бес облысты атады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі көктемгі су тасқыны қаупі жоғары өңірлерді атады. Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда бес облыс ерекше бақылауға алынған.

ТЖМ вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтің айтуынша, қауіпті аймақтар Tasqyn жүйесі арқылы анықталған. Талдау нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Абай облысы және Қарағанды облысы тасқын қаупі бар өңірлер қатарына енгізілді.

Вице-министрдің айтуынша, аталған аймақтарда жағдай күн сайын бақылауда. 1 наурыздан бастап тәулік бойы жұмыс істейтін жедел штаб құрылған.

«Жергілікті атқарушы органдармен бірге барлық алдын алу шаралары қабылданды. Сонымен қатар қажетті инженерлік жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта елді мекендерге тікелей қауіп жоқ. Құтқару күштері толық дайындықта», – деді Кеген Тұрсынбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатынде журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Оның сөзінше, тәуекел аймақтарын анықтау кезінде өңірлердегі қардың қалың түсуі және топырақтың қатып қалу деңгейі есепке алынған. Жүргізілген талдау нәтижесінде аталған бес облыс тасқын қаупі жоғары аумақтар ретінде белгіленген.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды