Мөлдір Әуелбекова 10 жылдан кейін бұрынғы күйеуін ұлы үшін кешірді
Әншіге бұрынғы күйеу хабарласып, кешірім сұраған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші, “КешYOU” тобының экс-солисі Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты маңызды жаңалықпен бөлісті.
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы күйеуі Арыстанмен қарым-қатынасы туралы жазба жариялап, олар ұлы үшін татуласқанын айтты. Екі ай бұрын Мөлдір бұрынғы күйеуін алимент төлеуге жіберген еді. Ал кеше Арыстан өзі хабарласып, өткен оқиғалар үшін кешірім сұрап, баласына әке ретінде қамқор болатынын жеткізген. Ол сондай-ақ барлық шығындарын өз мойнына алатынын айтып, алименттен босатуды сұраған.
“Кештім… Алла үшін… Ұлым үшін… 10 жылға созылған тұман сейілсін… Жақсы ата-ана болуға тырысамыз деп шештік. Өмірімнің әрбір сәтін менімен өткеріп жүрген тілеулестерім – сіздерге рақмет!” – деп жазды әнші.
Осылайша, Мөлдір Әуелбекова мен Арыстан ұлы үшін ата-ана ретінде жауапкершіліктерін бөлісуге және қарым-қатынасты түзетуге келісімге келген. Бұған дейін әнші жеке өмірінде тұрмысқа шықпайтынын мәлімдеген болатын.
Материал авторы