Атырау марқұмдардың қызы Ақбаян Мұқанғалиева психиатриялық орталыққа жіберілді
Бүтін бір отбасыны өлтірді деген Сұлтан Сәрсемәлиевтің әйелі ауруханаға жатқызылды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында төрт адам қаза тапқан резонансты іс бойынша жаңа шешім қабылданды. Тергеу соты күдіктінің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваны сот-психиатриялық сараптамадан өткізу үшін бір айға психикалық денсаулық орталығына орналастыру туралы қаулы шығарды. Бұл туралы «Ақ Жайық» жазды.
Полиция департаментінің өтініші негізінде әйел 10 сәуірге дейін медициналық мекемеде болады. Осы уақыт ішінде оның психикалық жағдайы арнайы сараптамадан өтеді.
Еске салайық, биыл қаңтарда Атырау облысында төрт адамнан тұратын отбасының жоғалғаны белгілі болған. Алдымен егде жастағы ерлі-зайыптының мәйіттері табылса, кейін олардың екі ересек баласының денелері анықталған.
Бұл қылмысқа отбасының бұрынғы күйеу баласы күдікті ретінде қарастырылып отыр. Ол және оның бұрынғы жұбайы Қазақстанға Индонезиядан жеткізілген.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыстың негізгі себебі ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал болуы мүмкін. Қазір тергеу марқұмдардың кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиеваның да оқиғаға ықтимал қатысын тексеріп жатыр.
Осыған байланысты оның психикалық жағдайын анықтау үшін әйел Қазақстанға жеткізілгеннен кейін арнайы медициналық мекемеге жіберілген. Тергеу амалдары жалғасуда.
Материал авторы