Алматыда әйелді қаққан автобус жүргізушісінің куәлігі жалған болып шықты

27.04.2023, 16:35
584
Алматыда әйелді қаққан автобус жүргізушісінің куәлігі жалған болып шықты smartnews.kz

Алматыда жаяу адамды қағып кеткен автобус жүргізушісі жүргізуші куәлігін қолдан жасағаны анықталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Тергеу барысында жүргізушінің жүргізуші куәлігі күмән тудырды. Арнайы сараптама оның жалғандығын анықтады. Бұл факті тағы бір қылмыстық істі тіркеуге негіз болды. Жақында сот үкімі шықты», - деді Алматы қаласы Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. 
Медеу ауданының №2 сотының қаулысымен 29 жастағы азамат Ж. ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2,3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығын шектеу және 80 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасына кесілді.
Полиция өкілінің айтуынша, қоғамдық көлік жүргізушісі 2022 жылдың қазан айында Төле би даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, белгіленбеген жерден жолдың оңтүстігіне қарай өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жол-көлік апаты салдарынан оның денсаулығына ауыр зиян келген.

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды