400

Қайрат Нұртастың қызы алғаш рет киноға түсті

Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы актрисалық жолын бастады.

Қайрат Нұртастың қызы алғаш рет киноға түсті
instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы Алау алғаш рет киноға түсіп, үлкен экранда көрінді.

Жас актриса «Үйлену оңай» фильмінде рөл сомдаған. Картина жақында прокатқа шығып, көрерменге жол тартты.

Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, қызы актриса болуға саналы түрде шешім қабылдаған. Алау бұл таңдауға 10-сыныпта келіп, қазір кино саласында алғашқы қадамдарын жасап жатыр.

Актриса қызының шығармашылық жолына қолдау білдіретінін айтты. Оның сөзінше, бұл мамандықтың қызығы да, қиындығы да көп болғанымен, ол қызына барынша демеу болуға дайын.

Фильмнің тұсаукесеріне келген Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бастамасына сәттілік тілеген жанкүйерлерге алғыс айтты.

Әлеуметтік желі қолданушылары да жас актрисаның алғашқы қадамына қолдау білдіріп, оның болашақта кино саласында өзін жарқын қырынан көрсететініне сенім білдірді. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор