555

Алматыда курьерге шетелдік қорап арқылы есірткі беріп жібермек болды

Курьер қораптағы есірткі екенін түсініп, полицияға хабарлады.

Алматыда курьерге шетелдік қорап арқылы есірткі беріп жібермек болды
Алматы ПД

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда жеткізу қызметінің курьері есірткі таратудың алдын алды. Жеткізу кезінде қызметкер қораптағы күдікті затқа назар аударып, полицияға хабарлаған.

Полиция оқиға орнына келгенде, посылка алушысын анықтады. Құқық қорғау органдары келгенде, шетелдік азамат қашуға әрекет жасады, бірақ ұсталды. Қораптан есірткіге ұқсас зат табылды.

Ұсталған – Сьерра-Леоне азаматы, ол Қазақстанда заңсыз жүргені анықталды. Қазіргі таңда күдіктінің әрекеті бойынша тергеу жүргізілуде.

Полицияның хабарлауынша, курьердің уақытылы ескертуі есірткі таралуына жол бермеді және қылмыстың алдын алуға мүмкіндік берді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор