438

Айгүл Иманбаева ауызашарға су бермегені үшін ұшақта дау шығарды

20 минут бойы су сұрап, жауап ала алмадым дейді әнші.

Айгүл Иманбаева ауызашарға су бермегені үшін ұшақта дау шығарды
instagram.com/aigul_imanbayeva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Айгүл Иманбаева Алматы – Астана рейсінде ұшақ бортында жанжал шығарды. Әртіс №953 рейс қатты боран салдарынан екі сағатқа кешіктірілгенін айтты. Ұшақта Айгүлмен бірге оның келіні мен екі немересі болған.

Қақтығыстың себебі – су. Иманбаева ауыз ашу үшін бортсеріктен су сұраған. Алғашында олар келіскенімен, ауыз ашуға 20 минут қалғанда шақыру түймесін басқан актрисаның сөзіне қарамастан, ешкім келмеген.

Ұшақ қонуға кіріскен кезде бір бортпроводница су беруден бас тартып, тек қонған соң ғана алуға болатынын айтқан. Айгүл бұл әрекетке ашуланып:

«Қандай ұят! Қай елде өмір сүріп жатырсыздар? Қазір ораза айы, сіздер бұны жақсы білесіздер. Динара, сіздің әрекетіңізден қолдарым дірілдеп тұр», – деп жазды.

Актрисаның айтуынша, бұл жағдай оның эмоционалды жағдайына қатты әсер еткен:

«20 минут бойы стюардессаны шақырдым, бірақ тіпті бір стақан су ала алмадым. Қолымда кішкентай немерем бар, ол жылап, тыныштала алмайды. Ал маған «қонудан кейін өзіңіз ішесіз» дейді. Барлығы тек жасанды күлкімен жүреді, әр жолаушы – басты деп айтады. Бұл жалған», – дейді Айгүл Иманбаева.

Ұшақтан кейін актриса Instagram-дағы парақшасында авиакомпанияға ашық сынау жолдады.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор