SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Варшава қаласында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Екатерина Шилова өлі күйінде табылды. Қайғылы хабарды марқұмның әпкесі жеткізген.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел қылмыстың құрбаны болған. Туыстарының айтуынша, ол өлтірілген болуы мүмкін.
Еске салайық, Екатерина Шилованың жоғалып кетуі әлеуметтік желілерде кең талқыланған еді. Әйел Польша астанасынан Астана қаласына ұшуы тиіс болған. Алайда ол межелі жеріне жетпегені белгілі болды. Кейінірек оның ұшаққа мүлде отырмағаны анықталған.
Сол сәттен бастап әйелмен байланыс толық үзілген. Оны іздеуге еріктілер мен құқық қорғау органдары жұмылдырылған.
Қазір оқиғаның нақты мән-жайы мен қылмыстың себептері анықталып жатыр. Тергеуді Польша полициясы жүргізіп жатыр.
RUS