Меруерт Түсіпбаева қандай ер азаматпен отбасын құрғысы келетінін айтты
Меруерт Түсіпбаева өзімен танысқысы келетін жігіттер көп екенін жеткізді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты жазба жариялап, өзіне жиі хат жазатын ер азаматтар туралы айтты.
Өнер иесінің айтуынша, әлеуметтік желілер арқылы танысу оған әлі де жат. Соған қарамастан, жекесіне түрлі ұсыныстар мен хаттар жиі келіп тұрады. Тіпті ол сондай хаттардың бірінің скриншотын да бөліскен.
Әншінің сөзінше, соңғы уақытта белгісіз ер адамдардан келген хабарламалар көбейген. Алайда ол интернет арқылы танысуға әлі де сенімсіз қарайтынын жасырмады.
«Шынында да әлеуметтік желіде маған ер азаматтар көп жазады. Бірақ кеңестік тәрбиемен өскен адам ретінде дәл осы желі арқылы танысып көрмеппін. Әйтпесе, бәлкім баяғыда-ақ тұрмысқа шығып, тіпті бірнеше рет ажырасып үлгерер ме едім», – деп жазды әнші.
Меруерт Түсіпбаева сондай хаттардың бірін мысал ретінде жариялап, оның астарында не жатқанын түсіне алмағанын айтты.
Сонымен қатар ол болашақта тұрмыс құрса, өзіне қамқор бола алатын азаматты қалайтынын жеткізді.
«Егер осы жаста тұрмысқа шығатын болсам, мені асырап, қорғаштап, жақсы көретін ер адам болғанын қалар едім», – деді әнші.
Материал авторы