Назарбаев мектептері мен университетінің жұмысына қоғамдық бақылау орнатылуы мүмкін

28.04.2023, 09:19
555
Назарбаев мектептері мен университетінің жұмысына қоғамдық бақылау орнатылуы мүмкін aqmolanews.kz

«Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасында Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбев университетінің жұмысына қоғамдық бақылау орнату туралы нормалар енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Мұндай түзетуді заң жобасына депутаттар енгізіп жатыр. Бізде автономдық білім беру ұйымдары бар. Соның ішінде Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев университеті осы мәселелерде заңмен қамтылуы керек деген түзету енгізіліп отыр. Оны жұмыс тобы қарайды. Мысалы, «Самұрық-Қазынаның» да әлеуметтік мәселелерге қатысты сұрақтары қоғамдық бақылауға алынуы керек деген түзету ұсынылып отыр», - деді депутат.

Айтуынша, депутаттар бұл түзетуді қоғамның сұранысы бойынша ұсынып отыр.

«Автономды білім беру ұйымдарының ашықтығы бойынша, жалпы қоғамдық бақылау мәселесі маңызды болғанын білесіздер. Қоғамда көп сұрақтар көтерілді. Депутаттар соның негізінде ұсыныс енгізіп отыр. Қажет болса, қоғамдық бақылау орнатылады. Өйткені, автономды білім орындары дегенімізбен, олар да бюджеттен қаржыландырылады ғой. Депутаттар бюджеттен кетіп жатқан қаражаттың тиімділігі бойынша, басқа да қоғамдық бақылауды жүргізуге мүмкіндік болу керек деп отыр. Біздің жұмыс тобы осының бәрін қарап, жақында нүктесін қойып, екінші оқылымға әзірлейді», - деді Асхат Аймағамбетов.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды