Жазира Байырбекова ұлының үйлену тойына кімдерді шақыратынын айтты
Әнші ұлының тойына 15 күн қалғанын жеткізді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Жазира Байырбекова ұлы Қазыбектің үйлену тойына дайындық басталғанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, мерекеге небәрі 15 күн ғана қалған.
Әнші әлеуметтік желіде жариялаған видеосында той ұйымдастырудағы ең күрделі мәселенің бірі қонақтарды дұрыс орналастыру екенін жеткізді. Оның айтуынша, кімнің қай үстелде отыратынын анықтау оңай емес.
«Тойға небәрі 15 күн қалды. Енді дайындықты бастап жатырмыз. Ең қиыны – қонақтарды қалай отырғызу. Кіммен кімді қатар отырғызамын деген сұрақ көп. Тізімді жазып қойдым, бірақ бәрін дұрыс орналастырдым ба, әлде өзгерту керек пе – соны ойланып жүрмін. Біреуді ұмытып кетпедік пе деген де уайым бар», – деді әнші.
Жазира Байырбекова тойға шақырылмай қалған таныстары болса, оларды үйге келіп, келіннің қолынан шай ішуге шақыратынын да айтты.
Өнер иесінің айтуынша, ең бастысы – ешкімнің көңіліне келмей, тойды берекелі өткізу.
Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, тойдың сәтті өтуіне тілектестік білдірді. Кейбірі үлкен той ұйымдастырудың оңай еместігін айтып, алғашқы той болған соң уайымның болуы қалыпты екенін жазған.
Материал авторы