Атыраудағы «Binom» мектебінде оқушы қызды қайшымен жарақаттады
Мектепте 8-сынып оқушысы ауруханаға жеткізілді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атыраудағы «Binom» мектебінде оқушылар арасында жанжал шығып, оның соңы жарақатпен аяқталды. Алдын ала мәлімет бойынша, 9-сынып оқушысы 8-сыныпта оқитын қызды қайшымен жаралаған.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы шақырылған.
Жарақат алған оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірім мен оның ата-анасы полиция бөліміне жеткізілген.
Айта кетейік, бұған дейін Құлсары қаласындағы мектептердің бірінде оқушы құрдастарына балтамен шабуыл жасаған оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Сол оқиғадан кейін Атырау облысындағы барлық білім беру ұйымдарында Оқу-ағарту министрлігі комиссиясының тексерістері жүргізіліп жатыр.
Материал авторы