453

Астанада ер адам жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)

Медициналық қызметкерді машинадан сүйреп шығарып, онымен жұдырықтасқан күдікті ұсталды.

Астанада ер адам жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада жедел жәрдем қызметкеріне күш қолданған ер адам ұсталды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Оқиға қаланың сауда орталықтарының бірінде болған. Жедел жәрдем бригадасы шақырту бойынша барған кезде оқиға орнында екі ер адамның мас күйде отырғаны анықталған. Солардың бірі өзін жайсыз сезінгенін айтып, медициналық көмек сұраған.

Дәрігерлер алғашқы көмекті көрсетіп, кетуге дайындалған сәтте ер адамдардың бірі кенеттен агрессия танытып, фельдшерге қол көтерген.

Оқиғаны көрген куәгерлер бірден полиция шақырған.

Құқық қорғау органдары күдіктіні сол жерде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған. Тергеу жалғасып жатыр.

Материал авторы