600

«Жынысын ауыстырып тастаған»: Интерпол іздеген Түркия азаматы Алматыда ұсталды

Жынысын ауыстырған Түркия азаматы Қазақстанда ұсталды.

«Жынысын ауыстырып тастаған»: Интерпол іздеген Түркия азаматы Алматыда ұсталды
ІІМ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда Интерполдың іздеуінде жүрген Түркия азаматы қолға түсті. Ол жеңгетайлық қылмысына байланысты халықаралық іздеуде болған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов мәліметінше, күдікті өткен жылдың қазан айында Алматы әуежайында ұсталған. Ол Алматы қаласынан Баку бағытына ұшпақ болған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілгеннен кейін оның бұрын ер адам болғаны, кейін жынысын өзгертіп әйел ретінде тіркелгені анықталған.

Қазіргі уақытта оны Түркия мемлекетіне экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

ІІМ дерегіне сәйкес, өткен жылы шетелдік құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша Қазақстан аумағында халықаралық іздеуде жүрген 690 адам ұсталған. Ал 2026 жылдың басынан бері тағы 60 адам қолға түскен.

Айта кетейік, бұған дейін Түркияда Интерпол арқылы «Атыраулық хакер» деген атпен танылған қазақстандық та ұсталған еді. Ол Атырау облысы Жангелдин ауылында қаза тапқан отбасы ісін зерттеуімен қоғамға белгілі болған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор