328

Павлодар облысында сот қызметкерлері табысын толық жасырған

Прокуратура сот қызметкерлерінің салығын тексерді.

Павлодар облысында сот қызметкерлері табысын толық жасырған
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысы аумағында сот жүйесінің бірқатар өкілдері салық декларациясында кірістерін толық көрсетпегені анықталды. Бұл туралы өңір прокуратурасы хабарлады.

Прокуратура мамандары сот қызметкерлерінің салық міндеттемелерін орындауына талдау жүргізген. Тексеру барысында кейбір қызметкерлер декларация тапсырғанда барлық табысын көрсетпей, жеке табыс салығын толық көлемде төлемегені белгілі болды.

Осыған байланысты прокуратура Мемлекеттік кірістер департаментіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізген.

Кейін жүргізілген камералдық бақылау нәтижесінде бюджетке қосымша 1,9 миллион теңге көлемінде салық өндірілді.

Прокуратура мәліметінше, мемлекеттік қызметкерлердің табысын жасыруы салық заңнамасының талаптарына қайшы келеді және мұндай деректер бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Материал авторы