Димаш Құдайбергеннің інісі жаңа суреттері арқылы жұртты өзіне ғашық етті (ФОТО)
Мансұр Құдайбергеннің суреттері әлеуметтік желіде қызу талқыланды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Димаш Құдайбергеннің інісі Мансұр Құдайберген әлеуметтік желіде жаңа фотоларын жариялап, желі қолданушыларының назарын аударды.
Жас музыкант суреттерді өзінің Instagram парақшасына жүктеп, тыңдармандарға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Ол жақында шыққан «Самғау» әніне қатысты пікірлерге де тоқталды.
Бірнеше күн бұрын Димаштың YouTube арнасында «Samgau» атты жаңа ән жарық көрген болатын. Әнді Димаш пен Мансұр бірге орындап, оны Voice Beyond Horizon жобасында таныстырды. Музыкалық жаңалықты тыңдармандар жылы қабылдады.
Мансұрдың фотолары жарияланғаннан кейін желі қолданушылары оның сырт келбетіне де, өнердегі қадамдарына да жоғары баға берді. Көпшілік жас музыканттың модельге ұқсас келбетін атап өтіп, шығармашылық жолында сәттілік тіледі.
Алғашқылардың бірі болып пікір қалдырғандардың қатарында ағасы Димаш та бар. Ол інісінің суреттеріне қолдау білдіріп, пікір қалдырған.
Желі қолданушылары Мансұрдың соңғы жылдары қатты өзгергенін айтып, оның әрі музыкант, әрі композитор ретінде өсіп келе жатқанын жазды.
Материал авторы