291

Әнші Рахат Тұрлыханов тағы да әйелімен жанжалдасып, полициядан бір шықты

Әнші мен әйелі арасындағы дау қайта ел назарына ілікті.

Әнші Рахат Тұрлыханов тағы да әйелімен жанжалдасып, полициядан бір шықты
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Рахат Тұрлыханов, депутат Дәулет Тұрлыхановтың інісі, қайтадан отбасылық дау орталығына түсті.

БАҚ деректері бойынша, 15 наурызда оны Алматы қаласы, Медеу ауданында әйелімен болған жанжалдан кейін полицияға жеткізген.

Алматы полициясы хабарлағандай, шақыру бойынша қызметкерлер оқиға орнына барды, қатысушылар аудандық басқармаға жеткізілді. Бастапқыда әйел физикалық күш қолданылғанын айтқанымен, кейін бұл фактіні жоққа шығарып, тек отбасылық жанжал туралы арыз жазған.

Нәтижесінде, Тұрлыхановқа ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Бұл – қылмыстық сипатқа ие емес, тұрмыстық қатынастарға байланысты құқықбұзушылық.

Айта кетейік, бұл алғашқы оқиға емес. 2024 жылғы қаңтарда Рахат Тұрлыханов әйелімен болған төбелеске байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімі қайта қаралғанда 10 тәулікке қамауға алынған.

Сондай-ақ, 2014 жылы ақпан айында ол мас күйде көлік жүргізгені үшін екі жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор