Ұшақтағы жанжалдан кейін Айгүл Иманбаева оқырмандарына үн қатты
Анам менің туған күнімді ерекше ырыммен байланыстырады дейді әнші.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева туған күніне орай оқырмандарымен ерекше естелігін бөлісті. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында дүниеге келген күнге қатысты анасының айтқан қызық әңгімесін жариялады.
Әншінің айтуынша, анасы оның 15 наурызда дүниеге келген күні ерекше ауа райымен есте қалғанын жиі айтады. Сол күні қатты найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауған. Түн ішінде отбасында күтпеген жағдай болып, жеті бас ірі қара жоғалып кеткен.
Иманбаеваның анасы бұл оқиғаны ерекше ырыммен байланыстырады.
«Анам әлі күнге дейін: «Сен бұл дүниеге жеті бас малды садақа етіп келгендей болдың. Өз ырысыңмен, бақытыңмен бірге келдің», – деп айтып отырады», – деп жазды әнші.
Сондай-ақ актриса өмірлік ұстанымдары жайлы да сөз қозғады. Оның айтуынша, адам үшін ең маңыздысы – өзіңмен үйлесімде өмір сүру, ішкі тыныштықты жоғалтпау, өз құндылықтарыңнан айнымай, жеке болмысыңды сақтай білу.
Айгүл Иманбаева биыл туған күнін жақындарының ортасында өткізгенін айтты. Ол әлеуметтік желі арқылы және телефонмен құттықтаған барша жанға алғысын білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін әнші ұшақ бортында болған жанжалдан кейін қоғам назарында қалған еді. Оның сөзінше, бортсеріктермен болған түсініспеушілік бір стақан суға байланысты туындаған.
Материал авторы