Chia Tai Tianqing пирамидасын ұйымдастырған күдікті Қытай азаматы елден қашып кетті

28.04.2023, 12:05
572
Chia Tai Tianqing пирамидасын ұйымдастырған күдікті Қытай азаматы елден қашып кетті smartnews.kz

Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстан аумағында «Chia Tai Tianqing» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісін тіркеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Агенттіктің 17 аумақтық департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша 17 қылмыстық істі тергеп жатыр.

Олар 2022 жылдың шілдесінен бері жұмыс істеп келеді және фармацевтикалық зауыт құрылысына инвестиция салу, сондай-ақ тағамдық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмекті дамытуға инвестиция салу желеуімен инвесторлардан қаражат тартып келеді.

«Chia Tai Tianqing» Қазақстанда заңды тұлға ретінде тіркелмеген.

Болжам бойынша, қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы - Қазақстан аумағынан кетіп қалған Қытай азаматы.

Алматы қаласының аумағында Қазақстанның үш азаматы компанияның заңсыз қызметін насихаттаумен айналықан.

Олардың жеке басы анықталды. Олар инвесторларға компанияға салынған инвестициядан жоғары қайтарым алуға уәде берген.

Жаңа салымшыларды тартқан жағдайда 10% көлемінде сыйақы беруді уәде еткен.

Салымшыларға қаражаттың қабылданғанын растайтын құжат берілмейді, келісімшарт жасалмайды.

Компанияның жұмысы жасырылған, Қытайдың белгілі «Chia Tai Tianqing» компаниясының логотипі қолданылған, ал олардың қытайлық компанияның қызметіне ешқандай қатысы жоқ.

Бұл компанияға тартылған қаражат көлемі, алдын ала мәлімет бойынша, 7 млрд теңгеден асады.

Өткен аптада Алматы қаласы департаментіне жәбірленушілерден аталған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 200-ден астам өтініш келіп түскен.

Қаржы пирамидасын ұйымдастыруға күдікті үш жетекшінің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды