604

«Тілеуімді тілеп қойыңыздар»: Дана Нұржігіт қуанышты жаңалығын айтты

Дана Нұржігіт оқырмандарына сүйінші хабарын жеткізді.

«Тілеуімді тілеп қойыңыздар»: Дана Нұржігіт қуанышты жаңалығын айтты
instagram.com/dana_nurzhigit

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тележүргізуші әрі журналист Дана Нұржігіт оқырмандарына қуанышты жаңалығын жеткізді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа кітабын баспаға тапсырғанын хабарлады.

Журналист бұл қадамды үлкен тәуекел әрі жаңа бастама ретінде бағалап, шығармасының тағдырына алаңдайтынын да жасырмады.

«Тәуекел етіп, кітабымды баспаға тапсырдым. Тағдыры сәтті болсын деп Аллаға тапсырдым. Тілеуімді тілеп қойыңыздар», – деп жазды ол.

Дана Нұржігіт жазбасында оқырмандарына да ізгі тілегін жолдап, әр адамның бастамасы сәтті болуын тілеген.

Бұған дейін журналист әлеуметтік желіде жеке өмірі туралы айтып, әсіресе елу жастан асқан әйелдерге арналған ой-толғауын бөліскен еді. Оның айтуынша, уақыт өте адам өмірінде көп нәрсе өзгереді: денсаулық та, көңіл күй де, өмірге деген көзқарас та.

Соған қарамастан ол адамдарды өмірге позитивпен қарауға шақырады. Журналистің пікірінше, адам өзін алға жетелейтін ойлар мен сөздерді таңдауы керек.

Дана Нұржігіт соңғы жылдары өмірінде көптеген өзгеріс болғанын да атап өтті. Ол баласын өсіргенін, сот процестерінен өткенін, спортпен айналыса бастағанын және жаңа жобаларға кіріскенін айтты. Сонымен қатар YouTube арна ашып, жеке шеберханасын жүргізіп жүргенін жеткізді.

Журналист қазір өмір сапасына көбірек мән беретінін айтып, адамдарды қазіргі сәттің қадірін білуге шақырды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор