306

ШҚО-да ер адам мен әйелдің үйінен 1 кг астам марихуана табылған

Риддерде заңсыз есірткі сақтаған екі адам қамауға алынды.

ШҚО-да ер адам мен әйелдің үйінен 1 кг астам марихуана табылған
ШҚО ПД

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 17 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жергілікті тұрғындардың үйінен заңсыз айналымдағы бір килограмнан астам марихуана тәркіленді. Қылмысқа қатысы бар деп 33 жастағы ер адам мен 32 жастағы әйел ұсталды. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі жазды.

Оперативтік іс-шараларды Наркобизнеске қарсы басқарма қызметкерлері Риддер қаласының полиция бөлімімен бірлесіп жүргізді. Тексеру барысында жергілікті тұрғындардың есірткі сақтағаны белгілі болды.

Ұсталғандардың үйінен 37 дайын полимерлі және қағаз орам табылды. Сараптама нәтижесінде оларда ерекше ірі көлемде кептірілген марихуана бар екені анықталды – жалпы салмағы бір килограмнан асты.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Департамент тұрғындарды заңсыз есірткіге араласудан сақ болуға шақырып, осындай қылмыстық әрекеттерге қарсы бірлесіп күресуді ескертеді.

Материал авторы