289

«iPhone 17 Pro Max – небәрі 45 мың теңге»: Шымкентте онлайн алаяқтық схемасы әшкереленді

Смартфон сатамын деген әйел ұсталды.

«iPhone 17 Pro Max – небәрі 45 мың теңге»: Шымкентте онлайн алаяқтық схемасы әшкереленді
Sam Rutherford / Engadget

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша,  Шымкентте интернет арқылы қымбат смартфондарды арзан бағамен сатамыз деп тұрғындарды алдаған әйел ұсталды. Оны қалалық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анықтады.

Тергеу дерегінше, күдікті танымал онлайн хабарландыру платформасына қымбат смартфондарды өте төмен бағамен сатамыз деген жалған ұсыныстар жариялаған.

Мәселен, бір хабарландыруда iPhone 17 Pro Max моделі небәрі 45 мың теңгеге ұсынылған. Бұл нарықтағы бағадан бірнеше есе арзан.

Осындай «тиімді ұсынысқа» сенген қала тұрғыны көрсетілген шотқа ақша аударған. Алайда қаражат түскеннен кейін «сатушы» байланысқа шықпай қойған. Уәде етілген телефон да жеткізілмеген.

Полиция мәліметінше, күдікті дәл осындай тәсілмен басқа тұрғындарды да алдаған. Ол жоқ тауар үшін ақша аудартқан.

Қазіргі уақытта әйелдің Шымкент аумағында жасалған кемінде төрт интернет-алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор