490

Атырауда төрт адамның өліміне күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев екі айға қамауға алынды

Күдіктіге қатысты сот шешімі шықты.

Атырауда төрт адамның өліміне күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев екі айға қамауға алынды
ПД

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша,  Атырауда бір отбасының төрт мүшесінің қазасына байланысты іс бойынша негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемалиев сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Мұндай шешімді қалалық мамандандырылған тергеу соты шығарды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Сәрсемалиев қазір тергеу изоляторында отыр. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша іс қозғалды.

Атап айтқанда, 99-баптың 2-бөлігі — екі немесе одан да көп адамды өлтіру және 188-бап — ұрлық фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында күдікті оқиға орнын көрсету үшін бірнеше жерге жеткізілген. Оның ішінде Жангелдин ауылы және Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның мәйіттері табылған қаладағы үй бар.

Қаңтар айында ерлі-зайыптының денелері ауылдағы үй ауласындағы сарайдан табылған. Кейін олардың балаларының қайда жерленгенін күдіктінің өзі көрсеткені белгілі болды.

Құқық қорғау органдары резонанс тудырған қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға кіріскен. Іс қоғам назарында.

Қаза тапқан отбасының жалғыз тірі қалған мүшесі — күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева. Ол қазіргі уақытта психикалық орталықта ем қабылдап жатыр.

Материал авторы