Әнші Қайрат Нұртас екінші қызын ерекше құттықтады
Нұртас әулетінде үлкен мереке болып жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желіде қызы Алауға арнап әсерлі жазба жариялап, туған күнімен құттықтады.
Өнер иесі Instagram парақшасында қызына жылы лебізін білдіріп, оған деген шексіз махаббатын жеткізді.
«Лаулаған Алауым! Туған күніңмен, жұлдызым, әкесінің жүрегі! Бақытты бол, Алланың назарында жүр. Мен барда ешкімнен қорықпа, мен сенің тірегіңмін», – деп жазды ол.
Сондай-ақ әнші қызының әр жетістігіне қуанып, әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Алауды анасы Жұлдыз Әбдікәрімова да әлеуметтік желі арқылы құттықтады. Ол қызының мінезі мен болмысын сипаттап, оған деген ерекше ықыласын жеткізді.
«Сен күлсең, әлем құлпырады, қабақ түйсең, күн де мұңаяды», – деп жазды актриса.
Сонымен бірге ол қызының өмір жолы ашық болып, әрқашан отбасының қолдауында болатынын айтты.
Жұлдыз Әбдікәрімова қыздарының кез келген таңдауы мен шешімін отбасы әрдайым қолдайтынын ерекше атап өтті.
Ал туған күн иесінің өзі достарының тосынсыйларын көрсетіп, мерекелік сәттермен бөлісті.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова бес бала тәрбиелеп отыр. Олардың үш қызы және екі ұлы бар.
Материал авторы