209

Ақтөбеде дүкеннен 15 млн теңгеге смартфон ұрлап кеткен

Күдікті дүкенге балтамен кіріп, телефон ұрлаған.

Ақтөбеде дүкеннен 15 млн теңгеге смартфон ұрлап кеткен
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде дүкеннен 15 миллион теңге көлемінде мобильді телефон ұрланған оқиға ашылды. Бұл туралы полиция департаменті жазды.

Оқиға 15 наурызда түнгі уақытта орын алып, бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Белгісіз тұлға дүкеннің кіреберіс есігінің әйнегін балта арқылы сындырып, 18 мобильді телефонды ұрлап кеткен.

Полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылының арқасында күдікті анықталып, қаладағы бір көшеден ұрланған телефондарды өткізуге әрекет жасаған сәтінде ұсталды.

Барлық ұрланған құрылғылар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор