318

Оралда жасырын ломбард 128 млн теңге табыс тапқан

Комиссиондық дүкеннің артында заңсыз несие бизнесі тұрған.

Оралда жасырын ломбард 128 млн теңге табыс тапқан
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз микрофинанстық қызмет фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдік Орал қаласында жұмыс істеген «көлеңкелі» ломбардқа қатысты.

Тергеу мәліметінше, «Аванс 07» ЖШС басшысы азаматтарға зергерлік бұйымдарды кепілге алып, лицензиясыз ақша берген. Бұл қызмет сырт көзге комиссиондық дүкен ретінде көрсетілген. Нысан «Уральск Золото» атауымен жұмыс істеген.

Қарыз беру комиссиялық келісімшарт арқылы рәсімделіп, ал пайыздық төлемдер зергерлік бұйымдарды «сақтау қызметі» ретінде жасырылған.

Осы схема арқылы 2 мыңнан астам қарыз берілген. Заңсыз табыс көлемі 128 миллион теңгеден асқан.

Сот санкциясымен күдіктінің автокөлігі мен 6 миллион теңге көлеміндегі қолма-қол ақшаға тыйым салынды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор