Айгүл Иманбаева мен Жазира Байырбекова билеп желіні жарды (ВИДЕО)
Мүшел жасқа кіріп жатырмын деген әншіні көрермен жас көрінеді деп бағалады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әншілер Айгүл Иманбаева мен Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде жариялаған видеосымен көпшіліктің көңілін көтерді. Өнер иелері көңілді би билеп, тыңдармандарына жағымды эмоция сыйлаған.
Видеода қос әнші концерттік образда көрінеді. Айгүл Иманбаева пісте түстес көйлек таңдаса, Жазира Байырбекова жасыл реңкті киіммен шыққан. Екеуінің де сахналық келбеті үйлесімді әрі көз тартарлық.
Әншілер «Ene Minie My Love» композициясына билеп, камера алдында еркін қозғалған. Видеодан олардың көтеріңкі көңіл күйі анық байқалады.
Желі қолданушылары қос әншінің өнерін жоғары бағалап, жылы пікірлер қалдырды. Көпшілік оларды «супердевушки» деп атап, сұлулығы мен энергиясына тәнті болғанын жазған.
Айта кетейік, жуырда Айгүл Иманбаева 49 жасқа толған еді. Соған қарамастан, өнер иесі тыңдармандарын белсенділігімен қуантуды жалғастырып келеді.
Материал авторы