Мас күйінде көлік жүргізген БҚО әкімі ұсталды
Әкім Биболат Зейноллин мас күйінде көлік тізгіндеген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зейноллин мас күйінде көлік тізгіндегені үшін полиция тарапынан ұсталды.
“Уральская неделя” басылымының мәліметінше, әкімді 12 наурыз түнгі сағаттарда полиция қызметкерлері алкогольдік мас күйде ұстаған. Әкім бастапқыда өзін науқас деп көрсетіп, аурухана төсегінде жатқанын айтып, блогердің қоңырауына жауап бергісі келмеген. Дегенмен кейін ол мас күйінде көлік басқарғанын мойындаған.
БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, Ақжайық ауданы Чапаево ауылы маңында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізіп жүрген жүргізушіні анықтаған.
“Дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды”, – делінген ресми мәліметте.
Айта кетейік, мас күйінде көлік жүргізу 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуға және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылуға әкеп соғады.
Материал авторы