375

Динара Майғазиева күйеуінің екінші әйел алуы мүмкін екенін айтты

Пешенесіне жазылса алады дейді Сәкен Майғазиевтің әйелі.

Динара Майғазиева күйеуінің екінші әйел алуы мүмкін екенін айтты
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева журналистің сұрағына жауап бере отырып, күйеуінің екінші әйел алу мәселесіне қатысты ойын айтты.

Динараның сөзінше, өмірдегі кей жағдайлар пешенеге жазылған тағдырға байланысты болады.

«Жақсы сұрақ қойдыңыз. Мен қуанып қалдым. Ол мәселе екі жаққа байланысты емес, пешенесіне жазылған нәрсе. Үлкен кісілер әрдайым «пешенеге жазылған» деп айтады ғой. Алла жазса, әйел адам қалай қалайды, қаламай ма — бәрібір маңдайына жазылғанын көреді. Ағаң мен алып бермей алмайды», – деді Динара Майғазиева.

Сонымен қатар, Динара Сәкен Майғазиевтің әлеуметтік желідегі смайликтерге жиі мән беруіне қатысты пікірін де білдірді.

«Бұл – оның елге деген махаббатының, ақ ниетінің және ізгі тілегінің бір көрінісі», – деп түсіндірді әншінің жары.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор