418

Шымкентте жоғары сынып оқушысы кішкентай баланы соққыға жықты (ВИДЕО)

Оқушылар арасындағы жанжал қылмыстық іске ұласты.

Шымкентте жоғары сынып оқушысы кішкентай баланы соққыға жықты (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте әлеуметтік желіде тараған бейнежазба негізінде қылмыстық іс тіркелді. Кадрларда жоғары сынып оқушысының кіші сыныптағы балаға күш көрсеткені көрінеді.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысқандар — көрші тұратын 10 және 5-сынып оқушылары. Жанжалға қатысқан барлық жасөспірімдер ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілген.

Тергеу барысында жанжалдың әуелі сөзге келуден басталғаны анықталған. Кейінірек 10-сынып оқушысы көшеде кіші сыныптағы баланы кездестіріп, оған күш қолданған.

Полиция мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін және істің барлық жағдайы жан-жақты қаралатынын мәлімдеді. Құқықтық баға оқиғаның мән-жайына қарамастан беріледі.

Сондай-ақ, жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданған.

Құзырлы орган өкілдері балалар арасындағы кез келген дауды заң аясында ғана шешу қажет екенін ескертті.

Материал авторы