Атыраулық шенеулік құмар ойынының кесірінен жұмыстан қуылды
Экология департаментінің қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды бұзды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысының арнайы табиғатты қорғау прокуратурасы экология департаментінің бір қызметкерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартты.
Ресми мәліметке сәйкес, мемлекеттік қызметкерге заңмен тыйым салынған құмар ойындарға қатысуы анықталған. Жұмысқа тексеру актісі негізінде ол қызметінен теріс себеппен босатылды.
Сонымен қатар, экологиялық бақылау бөлімінің орынбасары мен жеті бастығы деректерді бұрмалау және заңдағы есептерді уақытында ұсынбау сияқты әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 498-бабы).
Прокуратура бақылау жұмыстары мемлекеттік органдарда заңдылықты қамтамасыз ету үшін үздіксіз жүргізілетінін атап өтті.
Материал авторы