Польшада қаза тапқан отандасымыздың әпкесі істің жаңа деректерін айтты
Отбасы күдіктінің өтірігін жоққа шығарды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Польшада қаза тапқан қазақстандық Екатерина Шилова жайлы жаңа мәліметтер белгілі болды. Марқұмның әпкесі Ирина Геберт НПК | Народная партия Казахстана YouTube бағдарламасында оқиғаның соңғы күндері мен іздестіру барысы туралы айтып берді.
Иринаның айтуынша, Екатерина шамамен екі жыл бұрын Польшаға өз еркімен жұмыс істеуге кеткен. Ол бұл шешімін туыстарынан ұзақ уақыт жасырған. Қыз демалыссыз жұмыс істеп, ата-анасына көмектесу үшін ақша жинаған. Польшада ол кір жуатын орында жұмыс істеп, қосымша табыс көздерін іздеген.
18 ақпанда Екатерина Варшавадан Астанаға ұшуы тиіс болған. Сол күні таңертең туыстарымен байланысып, билет жіберген. Алайда ұшаққа тіркелмегені және телефоны өшірілгені белгілі болды. Кейін күмәнді хабарлама келген, бірақ ол өзіне тән емес жазба болған.
Іздеу 25 күнге созылған. Күдік марқұм бірге пәтер жалдаған көршісі Сергей есімді ер адамға түскен. Ол кейін марқұмның денесін жасырған орынды көрсеткен, алайда оқиғаның қалай болғанын толық айтып бермейді. Күдікті марқұм мен өз араларында қарым-қатынас болған деп бопсалауға тырысқан, бірақ отбасының айтуынша бұл өтірік.
Қазір тергеу жалғасуда, отбасы әділ шешім шығарына үміттенеді және денені Қазақстанға жеткізуге тырысуда.
Материал авторы