Тоқаев халықты Наурыз мейрамымен құттықтады
Президент Наурыз мейрамына орай қазақстандықтарға үндеу жасады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға Наурыз мейрамына орай құттықтау жолдап, бұл күннің мән-маңызына ерекше тоқталды.
Президент өз құттықтауында әз-Наурызды жаңару мен тазару кезеңі ретінде атап, тазалық ұғымының тек сыртқы емес, ең алдымен ой мен ниеттің тазалығымен байланысты екенін айтты.
Сондай-ақ, ол екі жыл бұрын басталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына назар аударып, бастама халық арасында кең қолдау тапқанын жеткізді. Мемлекет басшысы азаматтардың тазалық мәдениетін іс жүзінде көрсетіп жүргенін атап өтті.
Президенттің айтуынша, бұл жоба жай ғана науқан емес, елдің тұрақты идеологиялық бағытына айналуы тиіс. Сондықтан тазалық қағидалары тек мереке күндері емес, жыл бойы сақталуы қажет.
Құттықтау соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елге амандық, жерге тыныштық тілеп, Қазақстанның мәңгілік дамуын, мемлекеттік рәміздердің биікте болуын атап өтті.
Материал авторы