174

Қазақстанда 500 мың бала домбырамен күй орындады

Жарты миллион бала ұлттық күйлерді бір мезетте орындады.

Қазақстанда 500 мың бала домбырамен күй орындады
Оқу-ағарту министрлігі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елімізде «Күй күмбірі» атты республикалық домбырашылар акциясы өтіп, оған жарты миллионға жуық бала қатысты. Іс-шара білім беру ұйымдарының барлығын қамтыды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, акцияның негізгі мақсаты — ұлттық мәдени мұраны сақтау, оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, патриоттық рухты күшейту және домбыра өнерін кеңінен насихаттау. Биылғы бастамада цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдануға ерекше назар аударылған.

Акция аясында қатысушылар бір мезетте халыққа кеңінен танымал «Тепеңкөк», «Әлқисса», «Ерке сылқым» күйлерін орындады. Шараға мектеп оқушыларымен қатар балабақша тәрбиеленушілері мен колледж студенттері де қатысты.

Маңғыстау облысында қатысушылар тек домбырамен шектелмей, жетіген сияқты дәстүрлі аспаптарда да күй орындап, қазақ музыкасының байлығын көрсетті. Ал Астанада акцияға Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері де қосылып, балалармен бірге күй тартты.

Материал авторы