Шайдоров алматылықтарға бауырсақ таратты
Олимпиада чемпионы Наурызда жұртты қуантты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Наурыз мейрамында алматылықтарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Танымал спортшы қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, оларға бауырсақ таратты.
Шайдоров бұл сәтті әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Кадрлардан тұрғындардың чемпионды жылы қабылдап, онымен суретке түсіп, еркін әңгімелескенін көруге болады.
Спортшының айтуынша, мерекеде адамдарға қуаныш сыйлау — басты мақсат болған.
«Наурыз мейрамы құтты болсын. Осы тамаша күні адамдарға эмоция сыйлай алғаныма қуаныштымын», — деп жазды ол.
Алматылықтар да бұл бастаманы жоғары бағалап, чемпионға алғыс білдірді.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші