Елордада 7 және 9 мамыр мерекелеріне орай біржолғы әлеуметтік төлемдер жасалады

28.04.2023, 18:04
584
Елордада 7 және 9 мамыр мерекелеріне орай біржолғы әлеуметтік төлемдер жасалады smartnews.kz

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб Отан қорғаушы және Жеңіс күніне арналған әлеуметтік төлемдер туралы айтып берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«7 мамыр күні елордада Отан қорғаушы күні аталып өтеді. Осы орайда әкімдікте қала мәслихаты бекіткен ережеге сәйкес, біржолғы төлемдер қарастырылған. Бұл бағытта қала бойынша 250 млн теңге бөлінді. Бұл ретте, жеңілдіктер бойынша Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге 35 АЕК (120 750 теңге) көлемінде төлем жасалады. Қазіргі кезде қалада осы санаттағы 436 адам бар», - деді Илья Скуб Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері де 120 мың теңге сомасында біржолғы төлем алады. Астанада осы санаттағы 899 адам адам тұрып жатыр.

«Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының күші қолданылатын тағы бір санат бар. Осы орайда тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, Екінші дүниежүзілік соғыс мүгедегінің артынан қалған зайыбы 11 АЕК (37 950 теңге) көлемінде біржолғы төлем алады. Қалада бұл санатқа жататын 2316 адам тіркелген. Жалпы алғанда бұл бағытта Астанадағы 3800-ге жуық адам қамтылады», - деді басқарма басшысы.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады