320

Атырауда мейрам кезінде 80-ге жуық бала жоғалып кеткен

Полиция жаппай жоғалған балаларды іздеді.

Атырауда мейрам кезінде 80-ге жуық бала жоғалып кеткен
Атырау ПД

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атыраудағы Наурыз мерекесі кезінде Исатай мен Махамбет алаңында 78 бала ата-анасынан көз жазып қалған. Полиция олардың барлығын тауып, жақындарына қайтарды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жоғалған балалардың басым бөлігі алғашқы сағат ішінде табылған. Тек бір жасөспірімді іздеуге шамамен үш сағат кеткен.

Ең алаңдатарлық жағдайлардың бірі 7 жастағы балаға қатысты болды. Ол көпшіліктің арасында ата-анасынан адасып қалған. Бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер баланың жүрген бағытын анықтаған. Белгілі болғандай, анасына жете алмаған бала оны жұмысына өзі іздеп бармақ болған. Нәтижесінде тәртіп сақшылары оны дер кезінде тауып, анасына табыстады.

Полиция өкілдері мұндай жағдайлардың алдын алу үшін халық көп жиналатын орындарда балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор