Шавкат Рахмонов рингтен автодромға шықты (ВИДЕО)
UFC жұлдызы енді көлік тізгіндеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, UFC жауынгері Шавкат Рахмонов бұл жолы жанкүйерлерін рингте емес, автодромда таңғалдырды. Әлеуметтік желіде тараған видеода спортшы дрифт жасап, жаңа қырынан көрінді.
Кадрларда Рахмонов көлікті еркін меңгеріп, бұрылыстарды сенімді өткені байқалады. Октагонда қолғаппен көрінуге үйренген жанкүйерлер үшін бұл күтпеген образ болды.
Қазір спортшы жарақатынан кейін қалпына келу кезеңін өткізіп жатыр. Денсаулығына байланысты ол ұзақ уақыт бойы жекпе-жекке шықпаған. Сондықтан оның кез келген жаңа көрінісі көпшіліктің назарын аударып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Рахмоновтың жұбайы ажырасатынын мәлімдеген болатын.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші